27.03.2019, 11:49
Қараулар: 111
Мемлекеттік қызметші келбеті

Мемлекеттік қызметші келбеті

Мемлекеттік қызмет атқару  қоғам мен мемлекет тарапынан  білдірілген ерекше сенім болып табылады. Және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне,этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талап қояды.

Мемлекет басшысымен бекітілген «100 нақты қадамның» біріншісі-ол кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру.Яғни, мемлекеттік қызметшілердің  Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі,мемлекеттік  және басқа тілдерге,Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы,адал,әділ,қарапайым болуы,жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы,азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық танытуы,өздері қабылдайтын шешімдерінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуі,ұстамдылық пен ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы- Әдеп Кодексінде «тайға таңба басқандай» айқындалған.

Кодекс нормаларында мемлекеттік қызметшілердің  бейнесіне де қойылатын  талаптар анықталған-бұл іскерлік стиль.Іскерлік стиль-қатаңдық пен ұстамдылықпен ерекшеленеді;іскерлік ахуалдың кез-келген жерінде үйлесімді көріне білу-жұмыс уақытында,келіссөздерде,конференцзалда т.б.; киімге үш негізгі  түстен  көп түстілерді бірдей қолдану  немесе тым ашық,шұбар түстерді қолдану ұсынылмайды; спорттық үлгідегі киімдерге немесе әйел адамдар үшін тым ашық киініп,шектен тыс аксессуарлар қолдануға жол берілмейді;тіпті мемлекеттік қызметші аяқ киім тазалығына да жіті мән беруі тиіс екендігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшінің іскерлік киімі туралы ұсынымдарында анық көрсетілген.

Біздің  мекемеде де  қызметтік этика нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және заңнама бұзылуының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.Жоспарлы өткізілетін жиын,кеңестерде  мемлекеттік қызметшіні қоғам тарапынан сынауға себеп болатын жағдайларды болдырмаудың жалпы нормалары үнемі назарда ұсталуда.

 

Айгүл Джоламанова,

                             Шыңғырлау аудандық сот кеңсесінің бас маманы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар