18.03.2019, 16:10
Қараулар: 158
«Қыз сыны»

«Қыз сыны»

Қарағаш елді мекенінде наурыз мерекелері қарсаңында мектеп оқушылары арасында мәдениет үйінде «Қыз сыны» байқауы өтті. Шараға Зухра Бисембай (2 сынып), Ақерке Күшжанова (4 сынып), Даяна Маратова (5 сынып), Мейрамгүл Минболат (6 сынып), Маншүк Жакасова (7 сынып) және  Айсұлу Меңдіғазиева (8 сынып) қатысты. Байқау 6-кезеңнен тұрды. Өзін –өзі таныстыруда Маншүк Жакасова ерекшеленсе, үй тапсырмасында өзінің натюрморт туындысымен Даяна Маратова шықты. Өз өнерін көрсетуде оқушы қыздарымыз мың бұралып би билеп, домбыраны күмбірлетіп, жанды дауыста ән салып,  породия жанрынан да құр алақан еместіктерін көрсетті. Аққұштап Бақтыгереева, Фариза Оңғарсынова сынды ақын- апаларымыздың өлең жолдарын тебірене оқып, көрермендерді тамсандырды. «Аспазшы –әсем арулар» кезеңінде түрлі көкөністі салаттармен, қазақтың ұлттық тағамдарымен қатар өзге ұлттың тағамдарын да дайындап таң қалдырды.

«Эрудит -арулар» бөлімінде түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап тауып, өз білімдерін дәлелдеп, «Сән үлгісі» кезеңінде түрлі әсем көктемгі көйлектерімен зал ішін түрлі гүлдерге бояды. Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен І-орынды Зухра Бисембай, ІІ-орынды Даяна Маратова, ІІІ-орынды Мейрамгүл Минболат  иеленсе, «Эрудит-ару»  деп Маншүк Жакасова танылып, «Ең тамаша өнер туындысымен» Айсұлу Меңдіғазиеваның жұмысы бағаланды. Мың бұралған биімен Ақерке Күшжанова «Өнерлі ару» атанса, «Шебер ару» аталымымен Зухра Бисембай марапатталды.Байқау соңында оқушы аруларымызға тамаша  сыйлықтар табысталды.

                           Венера Баймұқашева,

аға тәлімгер

Қуағаш негізгі мектебі