18.03.2019, 15:40
Қараулар: 119
Лайықты марапат

Лайықты марапат

Бүгінгі рухани жаңғыру көшінде еліміздің кешегісі, бүгіні екшеліп, ел тарихын түгендеу жұмыстары кең ауқым алды. Бұл тұрғыда жергілікті музейлер жұмысы жолға қойылып, бұған дейін кенжелеу қалған бұл мәселе-жер-жерде жаңадан ашылған музейлер, жаппай мектеп музейлерінің жасақталуы сынды игі шаралармен толығып жатты. Осы науқан аясында арнайы жөндеуден өтіп, ыңғайластырылған ғимаратқа Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану музейі де орын тепті.  Бір жылға тарта  уақыт ішінде 1600-ден аса жәдігер жиналып, музей көрмесі көркем жасақталды. Бүгінде аудан музейі бес түрлі залмен жасақталып, көпшілікке тұрақты қызмет көрсетіп тұр. Жергілікті жұртшылықтың ұйымшылдығы, музей басшысы боп тағайындалған Тілеген Қалиевтің тынымсыз жұмысы жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Атырау қаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында ІІІ халықаралық өлкетанушылар форумы болып өтті. Осы келелі кеңеске музей басшысы Тілеген Қалиев те қатысып келді. Аталмыш жиында рухани жаңғыру бағытында жаңа музейдің тез еңсе көтеріп, қалыпты жұмыс жасап кетуіне бірден-бір басшылық етіп, жалпы жұмысты дұрыс және оңтайлы ұйымдастырып отырған Тілеген Кенжетайұлы Қалиев «Үздік өлкетанушы» медалімен марапатталды.

Жерлесіміздің жемісті жұмысының лайықты бағалануы, әрине, аудан мерейі. Өнімді жұмыс, лайықты нәтижеге қанаттандыратын марапат құтты болсын!

 

Қаршыға Елемесов,

музей маманы   

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар