14.03.2019, 12:22
Қараулар: 1168

Сағындырған әндер-ай!

Сағындырған әндері-ай тамсандырған,

Арасына жылдардың жол салдырған.

Кеше менен бүгінгіні тоғыстырып,

Әр жүрекке еріксіз ән салдырған.

Сол бір әдемі, сағынышқа толы, сырлы кештерге сапар шектерген, тұнып тұрған айдай сұлу әндер әуелеген «Сағындырған әндер-ай»  ретро әндер  кеші жуырда аудандық мәдениет үйінде өткізілді.

Сан түрлі сезім толқынысына түсіретін сиқырлы әндерді аудан өнерпаздары жүрекпен сезіне айтып, көрермендердің ықыласына бөленді. Кеште өткен жылдардың өлмес әндерді Алтын Жарманова мен Жұмабай Байғалиев,   Ботагөз Қатауова — Әмірхан Жұбаниязов, Мұхит Байғалиев–Жалғасбек Мырзагереев, Рыскүл Сұлтанғалиева- Бейнегүл Сарсенова,   Жансұлу Рабаева- Роза Усербаева, Айбек Абаков-Жанаргүл Баубекова,  Майра Изгулова –Назгүл Сарсенғалиева, Азамат Кизатов пен Гүлнұр Нұрланқызы , Асқар Елеусін мен Нұрлыбек Қайыржанов, Ахат Калиев пен Аманғали Сатпанов  жұп болып орындалса,  Тынышбай Әмірғалиев пен Данияр Арыстанов та жеке дауыстағы орындауымен ықыласқа бөленді. Үлгілі «Еркем-ай» би ансамблі мен «Жанерке» биші қыздары орындаушылардың әндерін бимен көркемдеп, кешті арайландыра түсті. Концертте көрермен залы толы болды. Кеште театрландырылған көрініс пен билер және А.Днекешова ЛД экранда көрсетілген әдемі видео сурет роликтер әнге жарық беріп, сахнаның сәнін келтірді. Көрермендердің өздерінің де әншілерді қолдап, біріге ән шырқап отыруының өзі де шараның шырайын келтіре түсті.

Ретро ән кеші Е.Хасанғалиевтің «Айналдым елім»  әнімен аяқталып, көрермендер арасынан  Жамал Ықсанова өз ықыласын білдіріп жақсы көңіл күй сыйлағаны үшін барлық әнші-бишілерге, аудандық мәдениет ұжымына алғысын білдірді. Жақсы әнге жаны құмар көрермен қауым, алыста қалған аяулы сәттер әлеміне жетелеген ән кешіне келіп, құстар қанатының сусылындай сәулелі мұңға, сағынышты сазға бөленіп ерекше ықыласпен тарқасты.

 

Жанаргүл Баубекова,

аудандық мәдениет үйінің хореографы

Түсініктеме

Cialis Flughafen Is Amoxicillin A Pennicillin Wirkung Viagra Lasst Nach cialis cheapest online prices Propecia 5mg Online Bestellen Secure Cod Bentyl No Doctor Buying Overnight Acheter Priligy En Ligne Nz