7.03.2019, 17:15
Қараулар: 171
Қазақтың келіндері-ай – ғажапсың!

Қазақтың келіндері-ай – ғажапсың!

Ақсуат ауылдық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және «Жастар» жылын қолдау мақсатында мектеп директорының оқу – тәрбие орынбасарлары Н.Нұрова мен У. Бахитова аудандық «Жастар» шығармашылық орталығымен бірлесіп «Қазақтың келіндері–ай – ғажапсың!» атты келіндер сайысын өткізді. Аталмыш шараның мақсаты: жанұядағы ата-ене, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым-қатынасты нығайту, келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу.
Сайысқа ауылымыздың жас келіндері қатысып, 6 кезең бойынша бақтарын сынады. Әрбір кезеңде келіндеріміз тапқырлықтары мен шығармашылықтарын таныта білді. Шара қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Еркежан Егізова, ІІ орынды Айым Баймұратова, ал ІІІ орынды Жансая Алипова иеленсе, Ақерке Рахымова мен Әлия Алмағамбетова белсене қатысқандары үшін дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Мектебіміздің директоры У. Таев пен ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Ғ. Исқақов сайысқа қатысқан келіндерімізді жеңістерімен құттықтаса, мектеп өнерпаздары ән-шырқап, би – биледі. Шара соңы жәрмеңкеге ұласты.
Нұрбеке Қуанышқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары