7.03.2019, 17:07
Қараулар: 421
«READx»- кітап сүйер қауымның сүйікті жобасы

«READx»- кітап сүйер қауымның сүйікті жобасы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі- кітап»,- деп айтқандай Белогор орта мектебінде кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу мақсатында READx жобасы ұйымдастырылды. READx- озық оқырманды анықтау және тамаша шығарманы оқуға кеңес беруге арналған алаң. Осы мақсатта барлық мұғалімдеріміздің бастамасымен ақпан-мамыр айлары аралығынды 5-8 сынып оқушыларына 7 кітап оқуға ұсынылды. Әр айдың соңында оқушылар өздерінің оқыған кітабын таныстырып жарнамалайды.
Жуырда мектебімізде кезекті READx жобасы өткізілді. Бұл шараға 3 спикер қатысты.5 сынып оқушылары Аманай Әлия мен Бисенбі Аружан «Менің атым Қожа» кітабын жарнамалап, шығарманы оқуға кеңес берді. «Бір ел-бір кітап» жылы жобасы тізіміндегі Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын оқыған Нұрдаулет есімді спикер батырдың балалық шағы мен отбасы жайында толық мазмұнын жеткізді. Жоба ережесіне сәйкес, әр спикердің таныстырылымынан кейін залдағы көрермендер қолдарына берілген сары «оқимын» немесе жасыл «ойланамын» түсті қағазды көтеріп, дауыс беріп отырды. Тыңдаушылар алған әсерлері және идеяларымен бөлісті.
Оқу жылы аяғында 7 кітапқа қатысты берілетін тапсырмаларға жауап беру арқылы жеңімпаз анықталады. Бас жүлде иеленген оқушыға велосипед беріледі. Бас жүлдеге демеушілік танытуды мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер өз міндеттеріне алды. Бастауыш сынып оқушыларына да наурыз айында 20 шығарма іріктеліп, тізімі шығатын болады. 20 шығарманы өте жақсы меңгерген оқырманға самокатты ауыл әкімінің м.а
М. Тасболатов сыйлық ретінде ұсынатын болады. 

Арайлым Байбулатова,кітапханашы