7.03.2019, 17:01
Қараулар: 411
Жүректерді нұрға бөлеген мереке

Жүректерді нұрға бөлеген мереке

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай  ауданымызда  салтанатты жиын оздырылып, соңы тамаша концертке ұласты.

Мерекеге үлкен — кішісі бірдей  жиналған  мәдениет үйінде нәзік жандыларды  аудан әкімінің орынбасары Ержан Тұрмағамбетов  шын жүректен  құттықтап, ақ тілегі арнады. Ауданымыздың  бір топ азаматшаларын, соның ішінде  отбасында ұлағатты ұрпақ тәрбиелегені үшін, жұмыста үлгілі және  өнегелі  әйел- азаматшаларды еңбектегі табыстары үшін атап өтті. Олардың алар орны, белсенділігі мен іскерлігін айтып, шынайы алғысын  білдірді. Талай   жылдар  атқарған  еңбектері  еленген бір топ әйел азаматшаларға Құрмет грамоталары мен аудан әкімінің  Алғыс  хатын, гүл шоқтарын  табыс етті.

Салтанатты жиын әрі қарай мың бұралған  бишілердің биімен өрнектеліп,  күмбірлеген домбыра үнімен көмкерілді. Сахна төрінде қалықтаған ән-жыр барша әйел қауымына, қыз- келіншектерге арналып, көрермендерге  шат-шадыман көңіл сыйлады.

Айсұлу Муса