28.02.2019, 10:29
Қараулар: 7
Кітапханадағы вернисаж

Кітапханадағы вернисаж

Бүгінгі  күнді түсініп –түйсіну үшін де,

болашақтың  дидарын көзге елестету үшін де,

кешегі  кезеңге көз жіберуіміз керек.

Н.Ә.Назарбаев

Таяуда аудандық орталық кітапханада Шыңғырлау және Л.Қылышев  атындағы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары, кітапханашылар және тарих пәнінің мұғалімінің қатысуымен «Ұлы даланың көшпенділер тарихы» атты әдеби вернисаж  өтті. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және оның ішінде  «Туған жер» кіші бағдарламасы, оның жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры»  атты  мақалаларында патриотизмнің үлгісі ретінде, жас ұрпақтың бойына туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ұялату, қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, кейінгі ұрпаққа жалғастырып, үйрету ұр­­па­қ­тардың парызы екенін атап өткен болатын. Осы шарамыздың барысында қатысушылар «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты 4 бөлімнен тұратын: «Ұлы дала көшпенділер тарихы»,  «Ұлы дала мәдениеті», «Ұлы даланың ауыз әдебиеттері»,  «Ұлы даланы зерттеген жазушылардың әдебиеттер әлемі» атты виртуалды кітап көрмесімен танысып, «Ұлы дала дүбірі» атты слайдты тамашалады.

Гүлбаршын Айжарқова,

                                                                                   Назира Садықова,

                                                                                 кітапханашылар