28.02.2019, 10:26
Қараулар: 109
Білікті маманмен кездесті

Білікті маманмен кездесті

Жуырда Ақшат ауылдық кітапханасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Рухани жаңғыру» төрт кіші бағдарламаның бірі  — «Атамекен» бағдарламасы аясында «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында, елді-мекендердің әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосқан азаматтарды жас ұрпаққа таныстыру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, «Туған жерге тағзым» акциясын жүзеге асыру мақсатында білікті дәрігер болған Жауымбай Байкатовпен «Дана да дара тұлға» атты кездесу кеші өтті. Шараны ауыл әкімдігінің бас маманы А.Серікбаева өз тілегімен бастап, облыстық, аудандық конкурстардың жеңімпазы 7 сынып оқушысы А. Оспанова   «Атамекен» әнін тарту етті.

Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез – келген науқасқа қолдау көрсеткен, өмірлеріне қауіп төнген сәтте  араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлаған еңбек ардагері, дәрігеріміз,   кешіміздің бас кейіпкері Жауымбай Есенұлына сөз алып, оқушылардың «Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз? Алғашқы ұстазыңыз кім еді? Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға? Дәрігер мамандығын не себепті таңдадыңыз? Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма? «Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға қосады» деген мақалды қалай түсінесіз?» деген  сұрақтарға жауап берді. Өз басынан өткен оқиғаларды еске түсіріп, осы мамандықтың қыр-сырына бойлаған білікті маманмен өткен кездесу өте әсерлі болды.

 

                                                           Нұргүл Араппаева,

Ақшат ауылдық кітапханасының меңгерушісі