28.02.2019, 9:50
Қараулар: 456
Көңілге көп ой түйдік

Көңілге көп ой түйдік

Үстіміздегі жылдың 1 наурызында біздің партиямызға 20 жыл толады, сондықтан бұл барлығымыз үшін атаулы дата. Осы мерейтой қарсаңында өткен партияның басты жиынына қатысып, көкейімізге көп ой түйдік. Съезде сөз сөйлеген Елбасымыз Н.Назарбаев: — Алдағы онжылдықтағы біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту. Біздің көзқарасымыз, адам кез келген мемлекеттің, қоғамның немесе ұйымның дамуында басты рөл атқарады. Өйткені адам, барлық жетістіктердің негізінде тұрады, оның әл-ауқаты қазіргі мемлекеттің басты мақсаты болып табылады,-деп атап көрсетті.

Елбасы әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынып,
әлеуметтік саланы қолдауға бағытталған маңызды шешімдер туралы айтты.  1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақысы ең аз адамдардың еңбекақысын 30 пайызға өсіруді,
көп балалы аналарға төленетін жәрдемақыны әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді, мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға, асыраушыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді, Үкіметке көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға ТҚЖБ арқылы 3-4 пайызбен тұрғын үй несиесін беру бағдарламасын әзірлеуді  тапсырды.  Бұл тапсырмалар бүгінгі таңда қоғамымызда өзекті болып табылған көптеген сұрақтарға берілген ашық жауап деп қабылдауға болады. Ендігі басты мақсат, Елбасы тапсырмасын қалың бұқараға жеткізіп, олардың дәйектілікпен жүзеге асуына партия мүшелері белсенділік танытуы тиіс деп ойлаймын.

 

Светлана Бәйтенова,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, съезд делегаты