21.02.2019, 12:18
Қараулар: 2
Балық аулаушыға да бап керек

Балық аулаушыға да бап керек

Қыс мезгілінің бір қызығы таза ауада қармақ салып, балық аулау екенін әуесқойлар жарыса айтар еді. Жуырда сол әуесқойлардың қатысуымен  Жаңакүш бөгетінде қысқы балық аулау жарысы өткізілді. Мақсаты: әуесқой балық аулау кәсібіне қызығушылықты дамыту және қыс маусымында мұз астындағы балықтарды қажетті оттегімен қамтамасыз ету. Екі мақсатты қатар көздеген шараға 39 адам қатысқан болатын. Табандылық пен шыдамдылық танылған қызықты жарыстың нәтижесінде І орын — Р.Менешовке (Амангелді), ІІ орын -А.Амировке (Ақсай), ал ІІІ орын — М.Куттиевке (Орал) берілді. Мұнымен қатар «Жас балықшы» ретінде  Т.Маликов (Ақбұлақ а/о) танылса, «Әртүрлі балық  аулаған» М.Куттиев (Орал) көзге түсіп, «Ең үлкен жыртқыш балықты» Р.Менешов қармағына ілді. Жеңімпаздар «Шыңғырлау» спорт клубы атынан дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған, аяз бетін шымшып жатса да балық аулау қызығына берілген балықшылар жақсы демалып қайтқандарына ризашылықтарын білдірді.

 

Шынар Жолдыбаева,

«Шыңғырлау» спорт клубының әдіскері