21.02.2019, 12:16
Қараулар: 2
Ауылдағы асық ату 

Ауылдағы асық ату 

Қарағаш ауылдық округінің әдіскерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына кіші» бағдарламасы аясында жуырда ауыл тұрғындары мен мекемелер арасында асық атудан жарыс өткізілді. Жарыс барысында ұлттық спорт түрлері қауымдастығымен бекітілген «Бес табан» ережесі бойынша өткізілген болатын. Жарысқа 50 ауыл тұрғыны қатысты. Дәлдік пен жылдамдықты талап ететін ойынды тамашалауға келгендер де, қолдау білдіріп жанкүйер болғандар да аз болған жоқ.

Жарыс соңында І орынды Қалап Мусин, ІІ орынды Мерей Төлепбергенов, ал  ІІІ орынды Жантілеш Мұхамбетов жеңіп алды. Үздік ойын көрсеткені үшін Айтмұхамбет Білекешов, Ерасыл Деменисов, Мейрамбек Минболат және Нұрбек Жардемов марапатталды. Жеңімпаздарға дәрежелі дипломдар мен кубоктарға ие болды.

 

Сержан Баймұқашев,

 Қарағащ ауылдық округінің әдіскері