21.02.2019, 12:04
Қараулар: 154
Қазағымның  мәртебесі  — «Атамекен»

Қазағымның  мәртебесі  — «Атамекен»

Жуырда аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Е.Хасанғалиевтің   шығармашылығына арналған «Қазағымның  мәртебесі  — Атамекен» атты әдеби сазды  кеш өтті. Көршілес Қаратөбе елінің төл перзенті Ескендір ағамыздың шығармашылығына арналған бұл кеште аудандық Халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблі мен аудандық мәдениет үйінің көркемөнезпаздары өнер көрсетіп, атақты композитордың «Айналдым елім», «Анаға сәлем»,  «Келші, келші балашым», «Асыл арман», «Ауылды ансау», «Ауылым — әнім» т.б. әндері орындалды. Әсіресе, көрермендер «Әдемі-ау», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы» сияқты әндерді сүйіп тыңдап, қосыла шырқады.

Әсем орындалған әндер тыңдармандардың көңілдерінен шығып, баршаға тамаша көңіл күй сыйлады. Кеш соңында ауыл ақсақалы Ердібеков Сапарғали атамыз да бірге өскен Ескендірдің өмірі, оның ата-анасы туралы қызықты деректерімен бөлісті. Сырлы да, сазды кеш еліміздің әнұранына айналған «Атамекен» әнімен аяқталды.

Аман Ізмұхан