21.02.2019, 11:50
Қараулар: 111
Үздіктің үздігі — Нұргүл

Үздіктің үздігі — Нұргүл

Жуырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ақтөбе қаласында ақиық ақын Мұқағали Мұқатаевтың шығармашылығына арналған ІІ республикалық «Ақын – халықтың  жүрегінде»  атты байқауы өткен болатын. Мұқағали ақынның шығармашылығын дәріптеу, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға жерлесіміз Шыңғырлау ОЖББМ  9 сынып оқушысы  Нүргүл Байғалиева қатысып қайтты. Нұргүл М.Мақатаевтың сөзіне жазылған  «Саржайлау»  әнін орындап,  жүлделі  І орынға  және  оқушыны дайындағаны үшін музыка пәнінің мұғалімі  Роза Усербаева  дипломға  ие болып, жеңіспен оралды.

Н.Байғалиева ауданға белгілі өнепраз жас, бірнеше аудандық, облыстық,  байқаулардың жеңімпазы  және «Жыл үздігі – 2018» үздік оқушы аталымының иегері.

Ұстаз бен оқушының кезекті марапаты оларды алдағы асуларды алуға талпындырып, жаңа ізденістерге жетелейді деп сенеміз.

Қазбек Даулетов,

 сынып жетекшісі