21.02.2019, 11:48
Қараулар: 125
«Жасмин» жарап тұр

«Жасмин» жарап тұр

 

    Бүгінгі таңда Ақбұлақ ауылында халыққа сапалы қызмет көрсетуімен көзге түсіп келе жатқан кәсіпкерлердің бірі деп Қарлығаш Бекениязованы айтуға болады. Ол 2016 жылы «Жасмин» азық түлік дүкенін ашып, бүгінгі таңда ауыл халқын керек-жарағымен үзіліссіз  қамтамасыз етуде.  Қыс күнінің қыраулығына, ұйытқып соққан желі мен қар басқан жолдарына қарамастан тұрғындардың сұранысына ие тауарлар түрін жеткізуде кідіріс жасаған емес. Тауар бағалары да қолжетімді, ауыл тұрғындары да дән риза. Ауыл экономикасының дамуына өзі ғана емес, сонымен қатар жолдасы Азамат Исламбеков те үлес қосып,  2015 жылы өзінің жеке қожалығын ашып,  мал басының артып, өнімдерінің еселенуіне  үлес қосуда. Ол ауылымыздағы болып жатқан іс-шараларға демеушілік етіп жүрген кең пейілді жандардың бірі. Алдағы уақытта ауыл тазалығы сақталуы үшін тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру мақсатында «Жасмин» дүкені алдына контейнер  орнату ісін қолға алмақ.

 Жігер-талаптарын шыңдай түскен олар  алдағы уақытта бизнестерін кеңейтуді ойластыруда.

                                                                                    Ақнұр Сәлімгереева,

                                                                              Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының маманы