13.02.2019, 17:40
Қараулар: 379
Марафон бастау алды

Марафон бастау алды

Жуырда облысымыз бойынша «Жақсылық жаса»  жастар марафоны  бастау алған болатын. Жобаның негізгі мақсаты —  облыс аумағында жыл бойына түрлі бағыттағы қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Жобаның басым бағыттарының бірі – қариялар мен мүгедектер, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, мүгедек балалар мен жалғызбасты аналарға көңіл бөлу және көмек көрсету.

Шыңғырлау ауданы бойынша бұл марафонға бүгінгі таңда кәсіпкерлер, еріктілер, жастар белсене қатысуда. Ерікті жастар жалғыз басты қарияларымыздың ауласын қардан тазарту жұмыстарын жүргізсе, «Аслан» кафесінің басшылығы балаларға арнап мерекелік кеш ұйымдастырып, дастархан жайды. Ал, «Марафет» салонының шаштаразшылары жатақхана студенттерінің шаштарын тегін қиып беріп, «Бәйтерек» сауда үйінің атынан көп балалы отбасыларға азық-түлік таратылды. Мейірбандылық марафоны жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Салтанат Елеусін