6.02.2019, 17:33
Қараулар: 148
Мерейлі мерекеге арналған жиын

Мерейлі мерекеге арналған жиын

Үстіміздегі жылы  «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай аудандық партия филиалының залында мерекелік басқосу өтті. Бұл барша нұротандықтар үшін өткенді саралап, бүгінгі биік белестердің бастауында тұрған сонау 90-жылдардағы жұмыстарды ой елегінен өткізуге және партиямыздың жетекші саяси күш ретіндегі Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріндегі рөлі мен маңызына назар аударуға берілген тамаша мүмкіндік деп ұғынғанымыз жөн.  Дүйсенбі күні  “Нұр Отан” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХVI-шы конференциясы бүкіл халық бюолып атап өтіп жатқан мерекені басты тақырып етіп алғаны шындық. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық маслихатының депутаты, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшысы,  аудандық мәслихаттың депутаттары, партия активі, аудандық бөлім, мекеме және кәсіпорын басшылары, бизнес саласы өкілдері, ұлттық-мәдени орталықтарының жетекшілері, аудандық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияда  күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Бәйтенова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Э. Тағаниязова, «Шыңғырлау» бастауыш партия ұйымының төрағасы Х. Ислямқұлов мінберге көтерілді. Жарыссөзге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Сәмиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры А. Байболат қатысты. Сөз алушылар партия басшылығы аясында бүгінгі күнге дейін қол жеткізген табыстар, жобалар бастау болған жұмыстар, алдағы тұрған мақсат-міндеттер туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиында «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХIII конференциясына қатысатын делегаттар тізімімен аудандық партия филиалының консультанты А. Шандатова таныстырды. Мұнан әрі партиялық бағдарламалар мен партиялық жобаларға белсене қатысқан партия мүшелеріне Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Сүлейменнің, аудандық партия филиалы төрағасы А. Есалиевтің атынан алғыс хаттар тапсырылды. Конференция жұмысын аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Альберт Есалиев қорытындылады. Партия қызметіндегі барлық өзгерістер мен алғашқы нәтижелер «Нұр Отан» партиясының жаңғыру үдерістерінің алдыңғы легінде тұрғанын дәлелдейді.

Гүлшат Ибрагимқызы