1.02.2019, 17:14
Қараулар: 411
Ән әуелеген кеш

Ән әуелеген кеш

 Жуырда  Ақбұлақ ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ауылым-алтын бесігім» атты мерекелік шара өтті.

Шара басталар алдында сөз алған  ауылдық округ әкімі Ерлан Айшуақов туған ауылдарынан түлеп ұшып, әр тарапта жүрсе де өнерден қол үзбеген, жолдары түсіп ауылдарына келе қалса қол жеткізген табыстарымен қуантып жүрген  ауыл жастарына алғысын білдірді.

Осы кешке жиналған тұрғындар алдында өнерлі ұл-қыздарымыз А.Сатпанов, Н.Қайыржанов, Д.Нұрғазиев, Ернар Қасым, Г. Сарсалиева, Қ. Абдулова, Ә .Файзуллиналар әннен шашу шашып, күмбірлете күй тартып қошеметке бөленді. Заманауи әндер мен қатар термелер де орындалып,  көпшілік рухани ләззат алды деп ойлаймыз. Концерт барысында ауыл мектебінің биші қыздары да өз өнерлерін көрсетті.

Әсем ән әуелеген әдемі кеш соңында өнерпаз жастар туған ауылдарына жиі келіп тұратындықтарына сендірді.

 

         Амангелді Сұлтанғалиев,

Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйінің

музыка жетекшісі