1.02.2019, 17:11
Қараулар: 396
Ауылдардағы өнер шарасы

Ауылдардағы өнер шарасы

Аудандық мәдениет үйінің  Халықтық «Торыатбасы әуендері» фольклорлық ансамблінің шығармашылық ізденістеріне аудан жұртшылығы көптен куә. Әрдайым өздерінің репертуарларын жаңа әндермен толықтырып қана қоймау, ауыл-аймақтардағы тұрғындармен өнер байланысын да жолға қоя білген. Жуырда осы ұжым мен жеке дауыста ән шырқайтын әншілер Б.Сарсенова, А.Қалиев, А.Жұбаниязов және Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Аңсат Сағынтаев «Қазағымның жырысың сен – Домбыра!» атты шараны өткізу мақсатында  Алмаз, Ақшат ауылдық округтеріне концерттік бағдарламамен  барып келді. Өнер кештеріне ауыл көркемөнерпаздары да қатысып, өз үлестерін қосты. Ауыл тұрғындарына қазақтың халық аспабы домбыра дәріптеліп, әндер орындалып, күйлер тартылды. Мәдени-демалыс орталығы директорының орынбасары Айбек  Абаков Алмаз ауылдық мәдениет үйі жанындағы домбыра үйірмесінің жетекшісі Берік Райымқұловқа аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жіне спорт бөлімінің басшысы Өмірбек Бекениязовтың атынан алғыс хат табыстап, ауылдық мәдениет үйлерінде жүргізілетін домбыра үйірмесіне қатысушы балалардың әр қайсысына қасиетті домбыраны табыстады. Бұл шара әрі қарай басқа ауылдық округтерде де жалғасын табатын болады.

Әсемгүл Мұхамбетова,

«Рухани қазына» кіші бағдарламасының менеджері