1.02.2019, 16:11
Қараулар: 3
Асхана жұмысымен танысты

Асхана жұмысымен танысты

 

«Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» жобасының аясында Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова және ведомствоаралық сараптама комиссиясының мүшелері ауданымыздағы Алмаз, Амангелді, Сегізсай,Қуағаш орта мектептеріндегі асханаларды аралап, оқушылардың тамақтану нормалары мен асхана тазалығының сақталуы, тамақтың және асхана жабдықтарының сапасымен танысты. Сонымен қатар, мектептің бракеражды комис¬сиясының жұмысына қанығып, асхананың қызмет етуіне рұқсат беретін құжаттарды қарады.
— Негізгі мақсатымыз – пар¬тиялық жоба аясында мектеп асха¬наларының тамақтану тәртібін қа¬дағалау, балалардың тегін та¬мақтануы мен ас мәзіріне белгі¬ленген тағамдардың мүмкіндігінше енгізілуіне бақылау жасау. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады,– дейді аудандық партия фи¬лиалы төрағасының бірінші орын¬ба¬сары Светлана Ешматқызы.
Гүлім Шынтас