1.02.2019, 16:04
Қараулар: 372
Музей экспонаттары QR-кодпен қамтылды

Музей экспонаттары QR-кодпен қамтылды

«Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында ауданымызда «Музей экспонаттарына QR-код орнату» атты шарасы өткізілді. Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы музей жәдігерлерін QR-кодқа салып қолданудың тиімділігіне көз жеткізуді мақсат етіп отырмыз.

Бүгінгі таңда музей экспонаттарының 70-80% QR-код орнатылған. Музейге келушілер қолындағы смартфоны арқылы экскурсоводтың көмегінсіз-ақ қойылған  жәдігерге қатысты QR-код арқылы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, музейіміздегі «3D смарт» теледидарындағы «Виртуалды тур» арқылы жәдігерді барлық жағынан көре алады.
Музейлерді, музей жәдігерлерін талапқа сәйкес экспозициялау, құжаттандыру мәселелерін айтпағанда, музей ісін сандық технологияға бейімдеу және озық технологияны енгізу жұмыстары бүгінгі таңда барынша жедел қолға алынуда.

Өмірбек Бекениязов,

тәуелсіз сарапшылар кеңесінің мүшесі