29.11.2018, 12:36
Қараулар: 125
Шығармалар байқауы

Шығармалар байқауы

«Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы партияның 20 жылдығына орай оқушылар арасында «Мен Елбасыммен мақтанамын» тақырыбында шығармалар байқауын ұйымдастырды. Байқауға мектептерден 14 озат оқушы қатысты. Қатысушылар алдында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова өткізіліп жатқан шараның маңызын, байқаудың мақсатын түсіндіріп өтті.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев-біздің партиямыздың негізін қалаушы. Елбасымыз – бiлiмдiлiгiмен, парасатты саясатымен, тәжiрибесiмен бүкiл адамзатты болашақ бейбiт жолмен жүруге шақырған үлкен тұлға. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың әлем алдындағы абыройының жоғары, беделiнiң асқақ, жүзiнiң жарқын, сөзiнiң өткiрлiгi, ойының ұтымды, пiкiрiнiң пайымды екенін түгел танып, мойындап отыр», – деп атап өтті С. Байтенова.

Байқау жасөспірімдердің  Елбасына, Отанға деген сүйіспеншілігін, елге деген патриот­тық сезімін және мақтанышын арттыру, жастардың шығармашылығын қолдау мақсатында өткізілді.
Қорытынды сәтте үздік шығарма жазған жеңімпаздарға дипломдар табыс етілді.

Гүлшат Ибрагимқызы