29.11.2018, 12:17
Қараулар: 147
Шара Президент күніне арналды

Шара Президент күніне арналды

Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразия кеңістігі басты ықпалдастырушы — саяси көшбасшысы ретінде қабылдайды. Сол себепті де, біз Президент күнін — Қазақстанның тарихи табыстары күні деп нық сеніммен айта аламыз.

Жақында аудандық кітапханада Президент күніне арнап өткізілген шараға оқушылар мен колледж студенттері қатысты. Шара Елбасымыздың балалық және жастық шағы, еңбекпен өрілген ғұмыры туралы бейне деректер арқылы көркемделді. Сонымен қатар, әдеби монтаждар, музыкалық жолдама жасалды. Бейнегүл Сарсенованың көмегімен «Кәусар» үйірмесінің мүшелері Сұлуай Есқали және Диана Сагиденова «Нұр аға» әнін әсерлі  айтып берді. Ал, «Атамекен» әнін жиналғандар  Бибігүл Нұрымбаева және Гүлім Нұрсұлтанованың орындауында тыңдады.

Аталған шарада аудандық мәдениет үйінің қызметкері Айгүл Байғалиева  жетекшілік ететін  «Жас толқын» көркем сөз үйірмесінің мүшелері белсенділік көрсетті.

Мәні зор шарада оқушылар және жасөспірімдер еліміздің рәміздерін атап,  еліміздің өркендеу, даму жылдары туралы пікірлерін ортаға салды. «Мен президент болсам….» тақырыбында  арман-тілектерімен бөлісті, еліміздің тарихын паш ететін еңбектерін саралап, сонымен бірге өз білімдерін толықтырды.

Нәзира Садықова,

кітапханашы