27.11.2018, 9:59
Қараулар: 423
Есімі мәңгі спортшының әкесімен кездесу

Есімі мәңгі спортшының әкесімен кездесу

Аудан әкімі Альберт Есалиев республикаға ауданымыздың атын шығарған, КСРО спорт шебері, танымал спортшы марқұм Еділ Ешекеновтың әкесі Хамидулла Ешекеновты қабылдады. Сонымен қатар, аталмыш кездесуге ауданымыздың білікті бапкерлері мен зейнеткерлер қатысты.

Қабылдау барысында Еділ Ишекеновтің жеткен жетістіктері туралы, бүгінгі таңда спортшы есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралармен қоса, ауданымыздың көркеюі, дамуы барысы туралы сөз қозғалды. Осындай игі шараларға көзі қуанған спорт ардагері Хамидулла зейнеткер кездесу соңында өзінің алғысын білдірді.

Туған жерден алыс жүрсе де  Шыңғырлау үшін шын мақтанатын, қуанатын осындай  елжанды адамдар көп болсын дейміз!

 

                                                                   Айсұлу Муса.