13.11.2018, 18:17
Қараулар: 485
Өлке тану сайысы

Өлке тану сайысы

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, әр адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіру, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ұсынған болатын. Өйткені, еліміздің тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Бүгінде «туған өлке», «өлкетану» ұғымдары зерттеліп, зерделеніп жемісті жетістіктеріміздің сатысы болып отыр. Осы мақсатпен орталық  балалар кітапханасында «Ауылым ашалмаған қазыналы кен» атты жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты: туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, Отан, туған жер құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, өлкетану материалдарын оқыту, қорды өлкетану әдебиеттермен толықтыру, қоғаммен үнемі байланыста болу, туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.  Өлкетану бағытындағы әдебиеттерді насихаттау барысында аудандық  балалар кітапханасында жоба аясында көптеген шаралар өткізіліп келеді. Соның бір дәлелі жуырда өткен «Туған жер алтын бесігім» атты өлкені тану сайысы. Оған Л.Қылышев атындағы ОЖББМ 8 «а» және Шыңғырлау ОЖББМ 8 «б» сынып оқушылары қатысты. Сайыс 7 кезеңнен тұрып, «Атамекен» және «Туған жер» топтары сынға түсті. Шара қорытындысында  Шыңғырлау ОЖББМ «Туған жер» тобы  І орынға ие болып, Л.Қылышев атындағы ОЖББМ «Атамекен» тобы белсене қатысқандары үшін дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

Гүлзира Досиева,

аудандық орталық  балалар кітапханасының  кітапханашысы