13.11.2018, 18:11
Қараулар: 110
Кәсіпкерлік мәселелері талқыланған кеңес

Кәсіпкерлік мәселелері талқыланған кеңес

 8 қараша күні  аудан әкімдігінде кәсіпкерлік мәселелері  жөнінде  сараптамалық кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімі Альберт Есалиев төрағалық  етіп, оған сараптамалық кеңестің  мүшелері, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер, шаруашылық құрылым жетекшілері қатысты.

Кеңесте  Елбасының биылғы жылғы халыққа арналған Жолдауына байланысты түсіндіре келіп, ауданымызда осы бағытта  атқарылып  жатқан игілікті істерді, соның ішінде  орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту,  әр адамның  осы қоғамда  өмір сүруіне  жағдай жасап, қауіпсіз қоғамды орта құру, өз өнімдерімізді өндіре отырып, жеріміздің байлығын  өзімізге  жарату, сонымен қатар ауданымыздың дамуына, тазалығына, болашағына өз үлестерімізді қосу,  туризмді дамыту  барысындағы  жұмыстарды  саралаған  аудан әкімі  А.Есалиев , ауданымыздағы  қанат жайған кәсіпкерлікке қолдау қомақты әрі жан-жақты екендігін  тілге тиек етті.

«Қазақстандықтардың  әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан  халқына Жолдауы — кәсіпкерлер үшін нақты қолдау»  тақырыбында   аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы  Азамат Бисембаев :  Аудандағы  бизнес құрылымдарының  тіркелген саны биыл — 714, демек өткен жылға қарғанда  10,7 пайызға өскен. Оның ішінде  623 бірлік тұрақты түрде жұмыс істеп, онда 917 адам жұмыспен қамтылған, ал  өндіріс көлемі  немесе көрсетілген қызмет  670,5 млн. теңгені  құраған.  Бизнес құрылымдарынан түскен  салық  көлемі 52 млн. 278 мың теңге, көтерме сауда көлемі-603 млн. теңге,  ал бөлшек сауда көлемі  14,4 пайызға өскен,-деді.  Ауданымызда  кәсіпкерлікпен айналысушы тұлғалар   мемлекеттік  бағдарламаларға  белсенді  ат салысуда. Нақтырақ айтсақ,  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан , «Атамекен» кәсіпкерлік  палатасынан,  «Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан» несиелендірілуде.  Ал,  «Нәтижелі  жұмыспен қамту және  жаппай  кәсіпкерлікті дамыту  2017-2021» бағдарламасы бойынша  «Игілік», «Іскер», «Сыбаға»  бағдарламаларымен  276 млн. 230 мың теңге несие алынды, — деді.

Осы кеңесте салықтық амнистия жариялау және  2018 жылы  аудан бюджетіне  түсетін салық мөлшері туралы  аудандық  мемлекеттік кірістер басқармасының   басшысы  Жасұлан  Абдушев хабарлама жасап,  жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.  Оның айтуынша, әсіресе ең төменгі жалақы  2019 жылдың 1 қаңтарынан 1,5 есе  өсіп, нақтылап айтсақ, 28 мың  теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтерілмек. 2018 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша  аудан бюджетіне  314, 4 млн. теңге салық түскен  демек,  жоспар 104, 9 пайызға орындалған.

Кәсіпкерлік мәселесі кең талқыланған бұл жиында  «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша аудандық кәсіпкерлік негіздерін оқыту  туралы  аудандық  кәсіпкерлер палатасының директоры  Бақтығали Нармағанбетов баяндама жасады.

Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі  қазіргі таңда   кәсіпкерлерге жан — жақты қолдаудың нақтылығын,  соның арқасында  әрібір бизнес құрылымдарының енді ауыл-елге қамқорлық қылып, ауылды көркейтуге ат салысуын назарға салды. Сонымен қатар, осы жиында,  туризмді дамыту,  ауданымызға инвесторлар тарту мәселесі де ескерілді.

Айсұлу Арыстанова

Суретті түсірген: Бахыт Баймағамбетова