7.11.2018, 17:50
Қараулар: 126
Жұмыс тиянақты жүруде

Жұмыс тиянақты жүруде

2018 жылы 5 қаңтардағы аудандық мәслихат хатшысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы аудандық мәслихат аппаратының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Аппарат қызметкерлерінің арасында «Жемқорлыққа қарсы бағытталған Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері және Заңнамалары туралы» лекция оқылып, ол қызметкерлер арасында талқыланды. Сонымен қатар, «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастрылып, оған да барлық қызметкерлер белсенді қатысты. Ал, «Егер сізден пара талап етсе!» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел жұмысына аудандық мәслихат депутаттары шақырылып, халық қалаулылары  өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті.  Аппарат қызметкерлерінің бөлімшесінде арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптары бойынша көрме орналастырылды.

Елімізде жемқорлыққа түбегейлі балта шабылуы тиіс десек, оның алдын алу парыз, сол себепті осы бағытта жоспар бекітіліп, ауылдық округтердің бәрінде де депутаттардың қатысумен  кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындармен жұмыс тиянақты жүруде.

Сағатқали Шагиров,

аудандық мәслихат аппаратының басшысы