7.11.2018, 17:45
Қараулар: 391
Жүрекке жеткен жүздесу

Жүрекке жеткен жүздесу

5 қараша күні аудандық мәдениет үйінде әнші, өнер жұлдызы Мөлдір Әуелбекованың шығармашылық кеші өтті. Әншінің директоры, әпкесі Меруерт Мөлдір Есіркепқызының сахнада өнер көрсете бастағанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Туған ел» атты шығармашылық кеші Орал қаласында, Подстепное ауылында өткенін айтып өтті.
Сахна шымылдығы осы шығармашылық кешке арнайы түсірілген фильммен ашылды. Фильмде Мөлдір Есіркепқызының Тараз қаласында қарапайым отбасында дүниеге келгені, 9 сыныптан кейін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне музыка факультетінің домбыра бөліміне түсіп, оны тәмамдағаннан кейін Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының әншілік бөліміне түскендігі, қазіргі таңда аталған оқу орнының магистратурасында білімін жалғастырып жатқаны баяндалады.
Мөлдір мектеп кезінен өнерге жақын болып өседі. Көптеген байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленген әнші 2004 жылы «SuperStar.kz» жобасының екінші маусымында бақ сынап, ондыққа дейін өткен. 2005 жылы «КешYou» тобына іріктеу өткізіліп, Мөлдір Әуелбекова топ құрамына кіреді. Топ құрамында 2010 жылы «Шығыс базары» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін алған. Мөлдірдің әншілікпен қатар актрисалық қызметті де тең дәрежеде алып жүргенін «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль» фильмінде басты рөлді сомдап, халық ықыласына бөленгені де айтылады. Оның жұлдызды шақтарынан сыр шерткен фильмде ата-анасының, ұстаздарының естеліктері, Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев сынды өнердегі сыйлас әріптестерінің Мөлдірдің шығармашылығына сәттілік тілеген ақжарма тілектері де әншінің мерейін асырғандай.
Фильмнен кейін кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Бұл кештің бір ерекшелігі, Мөлдірдің жанды дауыста ән салуы болатын. Сахнадағы әріптес інісі Ақсұңқардың гитарада сүйемелдеуімен «Туған ел», «Шіркін-ай», «Гүлмін», «Есіңе мені алғайсың, «Әдемі қыз» әндерін орындаумен қатар, осы шығармашылық ән кешіне арнайы тапсырыспен жасатқан домбырасымен шырқаған  «Ару ана», «Ақ тамақ» т.б. әндері де көрермен көңілінен шықты.
Сондай-ақ, концерт қонағы «Назар» тобы да өз шығармашылығымен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Мөлдір Есіркепқызы «Назар» тобын құрып, продюсерлік жұмысты да қатар алып келе жатқанына бір жыл толғанын да атап кетті. «Назар» тобының орындауында Ш.Қалдаяқовтың әндерінен «Поппури» орындап шықты.
Концерт барысында әншінің көрермендеріне ерекше ықылас танытып, залда отырған үлкендердің қолдарынан алып, амандық сұрасуы да ерекше болды. Тыңдарманымен өнер адамының арасындағы жанды байланыс деп осыны айтсақ керек. Әншінің: «Менің өнер жолындағы басты мақсатым сіздердің ақ баталарыңызды алу, тыңдарманыммен жиі қауышу» деген ақжарма сөзі оның өз таңдауына қаншалықты шынайы берілгендігін айқындап тұрғандай еді.
Жүрекке жеткен әсем әндер төгілген мәнді кеш соңында Мөлдір Әуелбекова өнер сүйер қауымға өз алғысын білдірді.

Б. Баймағамбетова

Түсініктеме

buy accutane 30 mg Prix Kamagra Doctissimo viagra Propecia Hair Cost Depo Amoxicillin Sildenafil 100mg India