7.11.2018, 17:40
Қараулар: 15
Жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшы тағайындалды

Қараша айының 7 жұлдызында  Шыңғырлау ауданы әкімінің  2018 жылғы 23 қазандағы № 164 өкімімен Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Шаймбетов Ерсайын Қамидоллаұлы тағайындалды.

Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Бейсен бұған дейін аудандық кәсіпкерлік  және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының орынбасары лауазымын атқарған  Ерсайын Қамидоллаұлын жаңа ұжыммен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Б.Баймағамбетова