2.11.2018, 18:16
Қараулар: 397
Сарқырамаға саяхат

Сарқырамаға саяхат

Туған жер — әркімнің кіндік қаны тамған, сол қасиетті жерден нәр алып, талай жанның жүрегінен ерекше орын алатын өлкесі.

Өткен сенбінің жаймашуақ күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  өлкеміздің жеті кереметінің бірі Сарқырамада «URALSK  TRAVEL  FEST #2» бейресми саяхатшылар форумының ішкі туры өтті. Форумға А.Құрумбаев бастаған Орал, Атырау, Самара облыстарының кәсіби саяхатшылары, әуесқой саяхатшылары, БАҚ өкілдері келіп қатысты. Форумның мақсаты – жарқын тарихтармен шабыттану және қазақстандықтарды саяхатқа ынталандыру. Қатысушылар Сарқыраманың табиғатына, Қыз әулие бұлағының көз тартарлық  көрінісіне тәнті болып, келесі жолы міндетті түрде келетіндерін жеткізді. Форум соңы жиналғандардың бірігіп, Сарқырама айналасын жинастыруымен аяқталды.

Гүлжан Елешева, турист-өлкетанушы:

-Көлігіміз Сарқырамаға жетер жолда құмнан өте алмады. Алайда, жаяу келген еңбегіміз еш кетпеді. Бұл өлкенің табиғаты ерекше әдемі екен. Ауасының тазалығын, суының мөлдірін айтсаңызшы. Қыз әулие бұлағын көрген кезде сағаттап қарап отырғым келді. Бұл бұлақ қандайда болмасын тіршіліктің көзі — әйел затынан бастау алатынының бір дәлелі,- деді.

Ә. Күзбаева,

 аудандық «Жастармен жұмыс

жөніндегі ресурстық орталығы»

КММ әдіскері