26.10.2018, 18:25
Қараулар: 381
Ономастика мәселесі талқыланды

Ономастика мәселесі талқыланды

Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің басшысы Г. Әлжанованың қатынасуымен аталған мәселе бойынша жұмыс тобы отырысы аудан әкімдігінің кіші залында өткізілді. Жиынды ашқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ө. Бекениязов ономастика мәселесінің аудандағы жайы туралы шолу жасады, Облыс орталығынан келген Гүлнәр Жәрдемқызы күн тәртібіне негіз болып отырған мәселе жөнінде кеңірек тоқталды. Жалпы облыс көлемінде атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстарды саралап айтып, алдағы атқарылатын іс-шаралар жөнінде толық мәлімет берді. Аудан бойынша Лубеннің Ақшат, Белогордың Ақтау, Полтаваның Ардақ болып тарихи атауларын иеленуі аудандағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің нәтижесі екенін жеткізді. Дегенмен алда әлі де шешілуі тиіс мәселелер барын көпшілік назарына ұсынды.

Утва өзенінің Шыңғырлау болып аталуы жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқаны да белгілі. Оны баянды етуіміз үшін біріге жұмыстануымыз қажет.

Округ әкімдері көтерілген мәселелерге байланысты пікірлерін білдірді. Ащысай ауылындағы Социа-листік Еңбек Ері Манат Ержановқа мектеп атын беру, Ақтаудағы белгілі басшы болған И. Арынжановтың тұрған үйіне ескерткіш тақта қою жөнінде пікірлер назарға алынды.

Отырысты қорытындылаған Өмір-бек Сайынұлы ортақ жұмысты алға апару үшін жоспарлы қимыл қажеттігін айтып, комиссия мүшелерін соған шақырды.

                           Адақ Шотпанов