26.10.2018, 18:23
Қараулар: 132
Ауданымызда  жаңа кафе — «Аслан»

Ауданымызда  жаңа кафе — «Аслан»

Шыңғырлау  ауданы орталығында тағы бір кафе өз жұмысын бастады. Бұған дейін де кәсіпкерліктің қыр сырын бес саусағындай үйреніп алған Жанкаевтар — отбасылық бизнесін Шыңғырлауда  дамытып отырған кәсіпкерлер санатында. Олар бұған дейін де  шағын және орта бизнес  саласына өз үлестерін қосып, көпке танылды.Бірнеше нысандардың ашылуына, сөйтіп, сауда — саттық бағытында тұрғындарға қызмет көрсетуге  ниеттенген кәсіпкерлердің көптен бері ойларында жүрген армандары жүзеге асты.  Адамдар көп келетін, көп жүретін нысандары бар-шылық көше бойына  тек кафе керектігін байқап, осы жұмысты қолдарына алғанды.

Айта кету жөн, өз кәсіптерінің нәсібін көріп отырған  Нариман мен Лаура Жанкаевтар  бақытты отбасы ретінде де  өзгелерге үлгі болуда. Жанұяда  тәрбиелі ұл-қыздарын өсіріп,  сонымен қатар қарттарына да уақыттарын тауып отырған жандар. Өңіріміздегі «Жұмыспен қамту» бағдарламасының қатысушысы ретінде, шағын несиеге қол жеткізіп,  қаражатты тиімді жұмсап, міне, оны адамдар игілігіне жаратуда.

Кафеде  түрлі ассортиментпен тағамдар әзірленіп, тұрғындардың демалуына барлық жағдай жасалған.  Кәсіпкер отбасының істеріне сәттілік тілеп, тұрғындардың алғысына бөлене беруіне тілектеспіз!

  Айсұлу  Муса