22.10.2018, 16:04
Қараулар: 359
«Қазпоштадағы» мерекелік шара

«Қазпоштадағы» мерекелік шара

Аудан орталығындағы «Қазпошта» мекемесі пошта қызметкерлері мерекесі мен баспасөзге жазылу күнін атап өтті. Соңғы кездері күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша жұмыс жүйесін енгізе отырып табысты еңбек етіп жатқан ұжымды аудан басшысы А.Есалиев арнайы құттықтады. Альберт Темірболатұлы ұжым қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, жүйелі жұмыс атқарушыларға табыс тіледі. Алдағы уақытта да жаңа технология мен үлгілі істерін жалғастыра беретіндеріне сенім білдірді. Пошта қызметіндегі ілгерілеушілік көзге көрініп-ақ тұр. Кезекке тұрушылар саны аз. Қызмет көрсету сапасы да жоғары деңгейде. Мереке барысында мәслихат хатшысы Г.Волкогон, зейнеткер К.Танатовтар құттықтау лебіздерін білдірді.

Газетке бірінші болып жазылған аудан тұрғыны М.Күлшариеваға Қ.Тоқаевтың кітабы сыйлыққа берілді. Газетке жазылуға белсенділік танытқан Р.Жалетова, К.Танатов, А.Кабулова, А. Құрмашеваларға көркем журналдар ұсынылды. «Серпін» газетіне 25-ші болып жазылуға келген Н.Нұрмұқановқа тегін газетке жазылу мүмкіндігін берді.

Келгендер пошташыларға жылы пейіл сыйлап, мерекенің шырайын арттырды.

Адақ ТАНАБАЙҰЛЫ