12.10.2018, 18:28
Қараулар: 368
Тұрғындар жағдайы одан сайын жақсарады

Тұрғындар жағдайы одан сайын жақсарады

Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың жақында ғана халқымызға  арнаған  Жолдауы көңілімізден шығып, алдағы өмірдің одан да жақсаратындығы  және еліміздің  талай-талай асулардан асып, үлкен жетістіктерге жететіндігіне сендірген құжат болды.

Әсіресе, халқымыздың   әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы нақты-нақты  бағыттардың  айтылуы және оның бәрі қатаң қадағаланатындығы  қуантты.

Әрбір қазақстандық жақсы өмір сүруге тиісті екендігін алға тарта отырып, Президентіміз ең төменгі жалақыларды көтеруді,  әрбір қазақстандықтың баспанамен  қамтылуы бағытында  орасан жұмыстар  атқарылуы керектігін түсіндірді. Несие беретін банктердің адамдар үшін, олардың сұраныстарынан шыға алатындай дәрежеде жұмыс істеуге көшуі туралы тағы да ескертіп өтті.

Адамдар жақсы өмір сүру  үшін, ең алдымен  барлық жағдайы жасалып, олардың еңбекке деген ынта-жігерлерінің күшейетіндігі  және сол еңбек әділ бағалануы қажеттігі де  осы Жолдауда көрініс тапты. Аталған Жолдау іске асып, көптеген жұмыс орындары ашылмақ, есесіне жұмыспен қамтылу пайызы өспек, кәсіпкерлікке  ауыл шаруашылығына ден қойғандар жұмысы да ілгерілемек.  Ұстаздардың, дәрігерлердің, мемлекеттік қыз-метшілердің, сонымен қатар, ең аз жалақы алатындардың   еңбекақылары  ұлғайтылып,  жұмыстары жанданбақ. Ал құқық қорғау органдарының жұмыс  стильдері жаңарып, басқаша жұмыс істеуге бағытталмақ. Осының бәрі  еліміздің көркейіп, адамдардың  тұрмыста,  жұмыста, қоғамда да жағдайлары жасалып,  өміріміздің жарқын болуына әкеліп саяды. Жолдау жолдары осынысымен көңілге қонады. Іске сәт,  жерлестер!

   Мадияр Байжанов,

 облыстық мәслихат депутаты