12.10.2018, 18:23
Қараулар: 365
Елбасы Жолдауы – болашақтың бағдары

Елбасы Жолдауы – болашақтың бағдары

Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған. Елбасының Жолдауын болашақтың бағдары деп білемін. Бүгінгі таңда медициналық қызмет сапасының артуы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады.

Ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету  мақсатында  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды.  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді толығымен жойып,  қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың салынуы, жаңа технологиялардың енгізілуі, елімізде аурудың алдын алуға, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берері сөзсіз.

                                                                                                       Мөлдір Сәдірқызы,

дәрігер