8.10.2018, 18:28
Қараулар: 110
Риясыз көмектеріне тәнтіміз

Риясыз көмектеріне тәнтіміз

Жаңа оқу жылы қарсаңында бастау алған «Мектепке жол» акциясы үстіміздегі жылы жұртшылық тарапынан үлкен қолдау тапқанын айтқымыз келеді. Осы игі қадамды құптап, қолдарынан келген бар көмектерін ұсынған аудан азамат-азаматшаларын атап өтуді жөн көрдік. Акция кезінде демеушілік жасап, көмек қолын созған қамқор жандар оқушылардың шексіз ризашылығына бөленді. Атап өтер болсақ, Б. Самиева (бастауыш сынып мұғалімі– 10 000 теңге),  А.Бахтыгереева (бастауыш сынып мұғалімі – 5 000 теңге), Ж. Нұрмұханова  (қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – 5 000 теңге), Ж. Давлетова биология пәнінің мұғалімі (30000мың теңге), «Жас Отан» Жастар Қанаты БҚО филиалының төрағасы Н. Жолдасқалиев – 10000 теңгеге көмек қолын созды.  Сонымен қатар, мектепішілік кәсіподақ ұйымы –  30 000 теңге, «Тасним» ЖК, жеке кәсіпкер Музычук Фарида (40 000 теңге),  Қ. Алпысбаева (музыка пәнінің мұғалімі – 10000 теңге), аудандық өрт сөндіру (бөлімі – 35 000 теңге), С. Кубенқұлова  (бастауыш сынып мұғалімі –  10 000 теңге), жастар ресуртық орталығы (15 000 теңге), аудандық мешіт  жамағаты (15 000 теңге), мектеп  ұжымы (143 000 теңге), А. Ботанова ( жеке кәсіпкер – 15000 теңге), Ж.Айтқұлова (тәлімгер – 6000 теңге), А.Кабулов (жеке кәсіпкер – 20000 теңге), Ф. Мусин (жеке кәсіпкер),  сонымен қатар, ауылымыздағы тұрмыстық қажетті заттар дүкені «Хозяюшка»  (М. Неплюев), «Аламан» сауда үйі (А. Тұрмағамбетова), тұрмыстық қажеттіліктер дүкені «Гефест» (А. Рудь) акцияға белсене атсалысты.

Бар жақсылығын мектеп оқушыларынан аямаған жомарт жандар 302 оқушыға оқу құралдарымен, киім-кешекпен және қаржылай көмек көрсетіп, бюджеттен тыс жалпы мөлшері 443000 теңге оқушылардың қажеттілігіне жұмсалды. Акцияға қатысып, жүрек жылуын, қамқор көңілін білдіріп, жақсы істерімен, жомарттықтарымен  қол ұшын берген жандардың барлығына мектеп ұжымы мен оқушылар атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

 А. Өтеғалиева,

 Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін  

мектебінің әлеуметтік педагогы