28.09.2018, 9:27
Қараулар: 2
Бағдаршам бағыт беруде

Бағдаршам бағыт беруде

Жыл сайын аудан көшелері жаңа жол белгілерімен толықтырылуда. Мұның себебі де жоқ емес, өйткені, тәулік бойы ерсілі-қарсылы ағылған көліктердің қозғалысын реттеу үшін жол белгілерімен қатар бағдаршамдардың да атқаратын рөлі ерекше, онсыз көше қиылыстарында көлікпен жүру мүмкін емес. Ал, барлық қозғалысты жіті бақылап тұратын Ішкі істер басқармасының Жол полициясы бөлімі қызметкерлерінің, инспекторларының сандық жағынан қауқары жете бермейді.

Бүгін Абай Құнанбаев көшесімен Лұқпан Қылышев көшелерінің қиылысында жаңа бағдаршамдар орнатылды.

– Көше қиылыстарында осындай бағдаршамдар болса, жол көлікке де, жаяу жүргіншіге де қауіпсіз болар еді. Бұл мақсатқа аудандық бюджет есебінен 3 млн 789 мың қаржы бөлініп, мердігер компания ретінде «Жайық жарығы» ЖШС таңдалып алынды, – дейді аудандық тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Мамбеталиев. Енді бұл жолдарда көлік қозғалысы қауіпсіз әрі бұрынғыдан гөрі тәртіпті сақтауға мүмкіндік бермек. Ал, жол полициясы қызметкерлері болса, көлік жүргізушілердің орталық көшелердегі мұндай  жаңалықтарға назар салуын өтінеді. Өйткені, ауданымыздың басты көшелеріндегі бағдаршам өзгерістері  жол-көлік оқиғаларының азаюына және жол ережелерінің мұқият сақталуына ықпал ететін жаңалық болып есептеледі.

Әлия Нұрлыбекқызы