19.09.2018, 18:59
Қараулар: 147
“Мектепке жол” жалғасуда

“Мектепке жол” жалғасуда

Аудан мектептерінде тамыз айында басталған игілікті акция әлі де жалғасын табу үстінде. Л. Қылышев атындағы ОЖББМ-де аз қамтылған, көмекке мұқтаж көп балалы отбасынан шыққан оқушылар анықталып, қамқор жандар көмек қолын ұсынып жатыр. Берсең, балаға бер,-демекші мектеп оқушыларына өз еріктерімен қаржылай және оқу-құралдарымен демеушілік жасаған жеке кәсіпкерлерді айтпай кетуге болмас. Мейірімділікті көздеген акция барысында жеке кәсіпкерлер Асхат Кабулов– 20000 теңге, Фред Мусин – 4000 теңге, «Хозяюшка» (ЖК М. Неплюев) – 2000 теңге, «Аламан» сауда орталығы (ЖК Е. Тұрмағамбетов) – 4000 теңге, тұрмыстық қажеттіліктер дүкені «Гефест» (ЖК А. Рудь)– 4000 теңгеге демеушілік көрсетті. Ал, жеке кәсіпкер Лаура Хамиева – мектеп сөмкесін акция барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж оқушыларға табыстады.
Мектебімізде аталмыш акция барысында көмекті қажетсінетін аз қамтылған отбасы балалары барынша қолдауға алынады.
Әйгерім Өтепқалиқызы,
Л.Қылышев атындағы ОЖББМ
әлеуметтік педагогы