18.09.2018, 19:13
Қараулар: 111
Дін мәселесі қашан да өзекті

Дін мәселесі қашан да өзекті

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Садықова, ауданның бас имамы Е.Ихсанов және облыстан арнайы шақыртылған дін істері басқармасының теолог маманы Азат Қаратаймен Ақшат ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты — соңғы уақытта елімізде халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып материалдық көмек көрсету арқылы өз қатарына азаматтарды, әсіресе жастарды тартып жатқан дін атын жамылған жалған ағымдар туралы түсінік беру, дәстүрлі дін туралы түсінігімізді толықтыру, оны талқылау, түсінбейтін сұрақтарға жауап алу.
Осы мақсатта өтке жиында сөз алған А.Садықова кездесудің мақсаты мен маңызына тоқталып, халыққа Ақшат ауылына келген жана молданы таныстырды. Ал, ауданымыздың бас имамы Е.Ихсанов дін туралы, шариғат заңдары, мұсылман парыздары туралы кеңінен әңгіме өрбітті. Дін істері басқармасының теолог маманы А.Қаратай өз сөзінде қазіргі заманда ең бастысы ел тыныштығы қажет екендігін баса айтып, осы тұрғыда діннің қоғамдағы рөлі, әсіресе, теріс ағым жолында жүргендер арамызға іріткі салып, бүлік туғызатын жағдай туралы және дәстүр мен діннің сабақтастығын, ата-анаға құрмет, жанұя жарасымы, үлкендерді сыйлау жөнінде өз ойымен бөлісіп, жиынға қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді
Осындай мақсаттағы кездесу А.Тихноненко атындағы ЖОББМ де өткізілді. Кездесу барысында дәстүрлі емес дін өкілін дәстүрлі діни бағытты ұстанатын адамнан ажырататын негізгі ерекшеліктері мен белгілері туралы ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айдын Төлегенов,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы