11.09.2018, 18:44
Қараулар: 286
Аудан әкімі ардагерлермен кездесті

Аудан әкімі ардагерлермен кездесті

Ауданымыздың әкімі Альберт Есалиев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында ардагерлермен кездесті.
Кіріспе сөзбен кездесуді ашқан аудан басшысы 80 жасқа толған Ергөбен Сұлтанов ақсақалды мерейтойымен құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.
Осыдан соң сөз алған аудан ардагерлері ұйымының төрағасы Сабыр Сәмиев «Жебе» баспаханасынан жарық көрген «Республикамыздың ардақты ақсақалдары мен билері» кітабының таныстырылымын өткізді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері А.Рудь пен С.Ығылмановқа, еңбектері елеулі сегіз ардагерлерге кітап табыс етілді. Бұл кітапта біздің аты аталған ардақты ардагерлеріміздің өмір жолдары туралы мәлімет бар.
Кездесу соңында аудан әкімі, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы А.Есалиев жиналғандарға аудан өмірінен хабарлама жасап, сұрақтарға жауап берді.
А.Шотпанов