11.09.2018, 18:30
Қараулар: 111
«Оренбург – форпост Россий» фестивалі

«Оренбург – форпост Россий» фестивалі

Елек ауданында казак халқы мәдениетінің дәстүрлі XVIII аймақаралық «Оренбург – форпост Россий» атты фестивалі болып өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ғ.Бейсен бастаған Шыңғырлау ауданының делегациясы қатысып, көршілес мемлекеттің қуаныштарын бөлісті.

Фестивальға Ресейдің көптеген қалалары, облыс, аудандарынан көркемөнер-паздар ұжымдары келіп, өз өнерлерін көрсетті. Сахна төрінде ән-жыр төгілсе, орман ортасындағы алаңқайда әзірленген мерекеге ауыл шаруашылық өнімдері, қолөнер бұйымдары, кәдімгі жәй ғана заттардан жасалған әсем бұйымдар орналастырылып, көзді қуантып, Ресей халқының ұлттық нақышын паш етті.
Осы орайда, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында ұлттық кодымызды дәріптеу және қазақ қолөнеріне деген қызығу-шылықты арттыру, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында Шың-ғырлау ауданынан да өнерпаздар, қолөнер шеберлері мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Өнерпаздар қазақ әндері мен өнерлерімен көршілес мемлекет халқын тәнті етсе, жеке кәсіпкер Әсел Сұлтанғалиева ұлттық нақышта жасалған бұйымдарын ұсынса, балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының маман-дары өздерінің ағаштан ойып жасалған бұйымдарын көрсетті. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Сәния Намиева өзінің кондитерлік цехынан шыққан тәтті дәмдерін ұсынды.
Жыл санап көршілес елмен мәдени-рухани байланысымыз жақсарып келе жатқаны қуанышты. Әлімсақтан Ресеймен достық қарым-қатынаста өмір сүргеніміздің көрінісі деуге болатын мысалдар өте көп. Біздің жерлестеріміз де, таныс-туыстарымыз да Орынбор облысында көптеп саналады. Тіпті жер-су атауларынан-ақ орыс пен қазақ халқының аралас өмір кешетінін танып-білу қиын емес. Сондықтан да, елмен елді, жермен жерді байланыстыратын, халықтар достығының нығаюына арқау болатын осындай шаралардың ұйымдастырылуы өте маңызды.

Әлия Нұрлыбекқызы