7.09.2018, 17:28
Қараулар: 4
«Ана тілім – айбыным» фестивалі

«Ана тілім – айбыным» фестивалі

Әр халықтың ең басты байлығы — ана тілі. Ол әр халықтың тарихтан тамыр тартар дәстүрі мен мәдениетін сабақтастырған ұлттық коды, елдің жаны, күретамыр өзегі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Респуб-ликасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысымен  5 қыркүйек  — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген болатын.

Осы орайда  ауданымызда Қазақстан халқы Тілдері күніне арналған «Ана тілім — айбыным» атты фестиваль өтті. Фестивальдың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары  Ғ.Бейсен жұртшылықты мерекемен құттықтап, ауданымызда ономастикалық бірліктерді ретке келтіруге үлес қосқан ауылдық округ әкімдеріне алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, «Тіл жанашыры» аталымымен ана тіліміздің мәртебесін көтеруде өзіндік ізденістерімен, басы-лымдардағы өзекті мақалаларымен көзге түсіп жүрген аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Байболатов марапатталды.

Салтанатты кештің соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Әлия Нұрлыбекқызы