7.09.2018, 17:25
Қараулар: 2
Қажылыққа барып келді

Қажылыққа барып келді

Қасиетті Құранда айтылғандай, әрбір мұсылманның бес парызының бірі — қажылыққа бару  болса, осы парызды ауданымыздың бас имамы  Ерденбек  Ихсанов өткеріп, жақында  қажылықтан елге оралды. Еліміздің  «Қазақстан мұсылмандарының діни» басқармасының өкілі ретінде, 3000 қазақстандықпен бірге  осы үлкен қажылықтан келген оның  көрген-білгендері, ойға түйгендері  өте көп. Үлкен қажылық уақытында Біріккен Арабтар Әмірлігіндегі  қасиетті жерлерді аралап, мінәжәт ету бұйырып, қажы болып оралғаны  ауданымыз үшін де үлкен абырой.

Маңызды  және жауапты миссияны атқарып келген Ерденбек қажы  сапардан келісімен   аудан әкімі  Альберт Есалиевтің  қабылдауында болып, қажылық туралы, оның маңызы, шарттары туралы айтып берді.  «Мекке қаласындағы қасиетті Әл-Харам мешітінде, Айша мешітінде, Арафат тауында, Мұздалифа, Мина жерлерінде және Мәдина қаласындағы  ардақты  пайғамбарларымыздың  с.ғ. мешітінде, Мадина қаласындағы  ең  алғашқы құлшылық  орны  Құба мешітінде және Ухут тауында болдым.  Елдің тыныштығы үшін және  Шыңғырлау халқы үшін арнайы дұға жасадым. Құрметті  халқым, сол үлкен  қажылық парызын сіздерге де  Аллам нәсіп еткей!»,-дейді Ерденбек қажы.

   Айсұлу Арыстанова