4.09.2018, 19:30
Қараулар: 120
«Адал жол» акциясы Шыңғырлауда

«Адал жол» акциясы Шыңғырлауда

Қыркүйектің 4 жұлдызында Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев бастаған делегация ауданымызға келді. Көршілес делегациясы өздерімен бірге «Адал жол» эстафетасын ала келіп, біздің ауданға табыс етті. Жемқорлыққа жол бермеу жолында өткізіліп жатқан шараға қатысушыларды аудан әкімі Альберт Есалиев қарсылап алды. Дәстүрге сай дәм ұсынылып, келген қонақтарға ілтипат көрсетілді. Мемлекеттік нышандармен безендірілген авто-вело шеруі орталық көшелермен жүріп өтіп аудандық мәдениет үйіне келіп тоқтады. Екі аудан басшылары құттықтау сөздерін арнап, эстафета тапсыру рәсімі орындалды.
Түстен кейін қонақтар аудандық музейде, саябақта болып ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.
«Адал жол» акциясы-дұрыстық жолы, тазалық жолы. Осы мақсатты жүзеге асыруға арналған шара жоғары дәрежеде өтіп, көпшілік көңілінен шықты.

А. Шотпанов