3.09.2018, 18:51
Қараулар: 188
Сегізсайдағы қоңырау сыңғыры

Сегізсайдағы қоңырау сыңғыры

Сегізсай мектебінде алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Айшықты мекен Аққұмның етегіне қонған ауылдың халқы білім күніне арналған шараға қатынасты.
Мектеп директоры Сағындық Қалниязовтың кіріспен сөзімен басталған мерекеде аудандық «Серпін» газетінің редакторы А. Шотпанов, аудандық білім бөлімінің өкілі Р. Таужановтар тілек білдіріп, көпшілікке жақсы күндер, жарқын жаңалықтар тіледі. Әсем ән айтылып, бірінші сынып оқушылары тақпақтар оқыды. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Жетмекова бұйрықтар оқып, оқу процесінің жүйесімен таныстырды. Мектепке биылғы оқу жылында жас ұстаздың келуі де оқушылар мен ата-аналарға қуаныш сыйлады.
Шара соңында дәстүрлі алғашқы қоңырау соғылды. Жүректерге жылы сезім сыйлап, көңілдерді қуанышқа толтырған қоңырау үні көпке дейін естіліп тұрды.
Сыңғырла, Сегізсайдың қоңырауы!

А. Танабайұлы