3.09.2018, 18:25
Қараулар: 130
Күн тәртібінде — зиянкестермен күрес

Күн тәртібінде — зиянкестермен күрес

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасын-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі «Шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес бойынша шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штаб құру туралы» № 213 қаулысына сәйкес, 2018 жылдың 15 ақпанында аудан әкімдігінің «Шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес бойынша шараларды үйлестіру жөніндегі аудандық штаб құру туралы» № 56 қаулысы шықты. Фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігіне қарай, Шыңғырлау ауданы бойынша шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес шараларын үйлестіру жөніндегі аудандық штаб қаулысына сәйкес штаб төрағасы, орынбасары және мүшелері бекітілді.
Биыл аудан бойынша үйірлі шегірткелердің шағылысып, жұмыртқа салу кезеңінде 120,0 мың га жер зерттеліп, 25,75 мың га. жерге жұмыртқа салғаны анықталды. Осы зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылы аудан бойынша үйірлі шегірткелердің дернәсіліне (личинка) қарсы 14,4 мың га. жерде химиялық өңдеу жұмыстары атқарылады деп жоспарланды. Осы шараға қажетті пестицидтер мен арнайы улағыш техникалардың тізбесі жасалынып облыстық аумақтық инспекциясына тапсырылды.
Осы өзекті мәселеге орай жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі А. Есалиевтің төрағалығымен «2018 жылы шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес шараларын үйлестіру жөніндегі» шұғыл әрекет штабының отырысы өтті. Штаб отырысына аудан әкімінің орынбасары Ғ. Бейсен, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық испекциясының басшысы Л. Хайретдинов, облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бөлім басшысы Е. Құрмашев, ҚР АШМ АӨК МИК «Респуб-ликалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» БҚО филиалының басшысы А. Алдабергенов, штаб мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Штаб отырысының күн тәртібінде «Шыңғырлау ауданының аумағында ағымдағы жылы үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілген іс-шаралар және 2019 жылға атқарылатын жұмыс жоспары» туралы ҚР АШМ АӨК МИК аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Н. Сұлтановтың және «Республикалық фитосанитар-лық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің аудандық филиалының басшысы Ю. Хамзиннің баяндамалары тыңдалды.
Жиында көтерілген мәселелер талқыланып әр сала басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

А. Сандыбаев,
ҚР АШМ АӨК МИК Шыңғырлау аудандық
аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау
жөніндегі мемлекеттік инспекторы