24.08.2018, 11:49
Қараулар: 4
Науқан аяқталып келеді

Науқан аяқталып келеді

Үстіміздегі жылдың 20 тамызындағы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мәліме-тіне сүйенсек, аудан көлемінде біршама мал азығы жиналды. Жоспар бойынша ауданымызда 65000 тонна шөп дайындалу қажет болса, ол бүгінгі таңда 74% орындалып отыр. Соның ішінде, ауылдық округтер бойынша науқанда үлкен ыждағаттылық көрсетіп отырған Ардақ ауылдық округінің шөпшілері 22381 гектар жерден шөп жиып, 100% жұмыстарын атқарды. Олардан қалыспаған Ащысай округі де алдыңғы қатарда келеді, олар бүгінде 19677 гектар шабындық жерден азықтық шөп орып, жоспарларын 80,3% орындады.
Ақтау ауылдық округінің де шөпшілері қарқынды еңбектенуде. Ал, шыңғырлаулық шаруа қожалықтары-ның бұл науқанда қарқындары төмен, жоспар әзірге 63,3% ғана орындалған. Нәтижесінде аудан бойынша әзірге 48100 тонна шөп дайындалды.
Бұл науқанда 168 дана трактор, 47 пішен жинағыш,148 орақ, 65 пішен маялағыш жұмыс істеуде.
Айта кеткен жөн, шөп шығымы әр округтер бойынша әртүрлі, мысалы, Ащысай, Ақшат ауылдық округі аумағында шөптің шығымы әр гектардан 2,9-3,1 центнер болса, ал Қарағаш, Алмаз, Ардақ округтерінде 2,1центнер болып отыр.
Шөп шығымының төменділігі ауданымыздың көптеген аумақтарында былтырғы далалық өрттердің себебі салдарынан болса, әрі ауа райының көктемде салқын болуы да шөптің дер кезінде көтерілмеуіне өз әсерін тигізді. Ал, жаз айы басталысымен аптап ыстықтың шөпті күйдіріп жіберуі де қосымша себеп болды.
Десек те, тынымсыз еңбек пен іскерліктің арқасында шөпшілер қолайлы ауа райын пайдалана отырып қажетті мал азығын уақытылы, шашау шығармай жиып алары сөзсіз.
Айсұлу Амангелдіқызы