24.08.2018, 11:44
Қараулар: 2
Кәсіпкер сыйлығы

Кәсіпкер сыйлығы

Ақтау ауылдық округіне Ақтөбе қаласынан келіп еңбек етіп жатқан Бауыржан Тілеуғожин «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы. Қостанай облысынан 30 бас ангус тұқымды мал әкеліп, жаңадан мал қорасын салып жатқан кәсіпкердің 140 бас жылқысы, ауыл шаруашылық техникалары бар. Жақында Бауыржан Аманғосұлы округтің тазалығын сақтап, абаттандыру жұмыстарын жүргізетін қызметкерлерге сыйлық жасады.
Шағын шөп шабатын құрал (газонокосилка) алып берді. Енді ақтаулықтар көше бойы мен саябақтарын осы құрал арқылы шөбін шауып, сәндейтін болады. Елге болсын деп жүрген Бауыржанның шаруасы өрлей бергей.
А. Шотпанов