23.08.2018, 18:53
Қараулар: 111
Жұмыссыздықпен күрес – уақыт талабы

Жұмыссыздықпен күрес – уақыт талабы

«Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.

Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын тү-сіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестік жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу болып табылады. Осы күні халықты жұмыспен қамту орталығының маманы К.Айталипова, аудандық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Э.Алпамысова, аудандық әділет бақармасының басшысы Н.Дәуленов, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Шыңғырлау аудандық филиалының директоры Б.Нармағамбетов, халықты жұмыспен қамту орталы-
ғының маманы М.Жандәу-летов қабылдау жүргізді.
Акция аясында өткен қа-былдауда сөз алған аудандық жұмыспен қамту орта-лығының маманы аудандағы жұмыссыз жүрген тұрғындарға кәсіпкерлік негізде тегін оқу оқып, өз кәсібін ашуға мол мүмкіндік бар екеніне тоқталды. Жиын соңында аудан тұрғындары көкейінде жүрген сауалда-рына тиісінше жауап алды.

Әлия НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ