23.08.2018, 18:50
Қараулар: 10
Үлгілі отбасын құттықтады

Үлгілі отбасын құттықтады

Ауданымызда жас және көп балалы отбасыларының қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Демографиялық жағдайға келсек, аудан бойынша биылдың өзінде дүниеге 133 сәби келген.
Жақында Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Ғұсман Жұмағазиев және әйелдер қауымы атынан аудандық «Аналар» кеңесінің төрайымы Нұрзия Ақпанова өмірге алтыншы сәбиін әкелген үлгілі және көп балалы Азамат Бисембаевтың отбасына барып, қуаныштарына ортақтасты.
Нұрзия Елеуқызы отбасында дүниеге Әмина атты сәбиін алып келген отанасы Динараны құттықтап, ақ батасын, тілегін арнаса, ал округ әкімі Ғұсман Ғұмарұлы: «Өскенде өнерлі, домбырашы болсын!»-деген ырым жасап, сыйлыққа домбыра ұсынды. Сәбилеріміз аман, бақытты болсын!

Айсұлу Арыстанова